pdf (English)

Кілтті сөздер

Орталық Азия, Еуропалық Одақ, тұрақтылық, нормативті күш, стратегия, демократия.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Байкүшікова . G. ., Күзембаева A. ., & Чукубаев Y. . (2023). ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ: ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ РӨЛІ. JOURNAL OF CENTRAL ASIAN STUDIES, 90(2). https://doi.org/10.52536/2788-5909.2023-2.05

Аңдатпа

ЕО-ның Орталық Азияға қатысты саясатын зерделеу интеграциялық жобаның мәнін түсіну үшін маңызды. Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне қатысты жүзеге асырып жатқан бағдарламалары оның халықаралық аренадағы әлеуетін дамыту, «нормативтік күші» мен экономикалық қуатын саяси ықпалға айналдыру мүмкіндігі тұрғысынан қызығушылық тудырады. Орталық Азия елдерінің ЕО-мен ынтымақтастығы өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Қазіргі уақытта ЕО-ның Орталық Азиядағы ұстанымдарын нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Еуроодақ Орталық Азияның  ережелер мен өзара тәуелділікке негізделген тұрақтылық аймағына айналдыруда сенімді әріптес ретінде болуға тырысуда. 2019 жылғы жаңа Стратегияға сәйкес, Еуроодақтың басты мақсаты аймақ мемлекеттерінің икемділігін нығайтуда  олармен білім алмасумен (оқыту, мониторинг, тәлімгерлік және кеңес беру) және қаржылық көмек берумен айқындалады. Тұрақтылық – бұл стратегияның басты идеясы болып табылады. ЕО саясаты Орталық Азия мемлекеттерін өзінің көзқарасы мен мүдделеріне сәйкес өзгертуге бағытталған. ЕО бұл түпкілікті мақсатты Орталық Азияның демократиялық және экономикалық дамуымен байланыстырады және бұл ЕО сыртқы саясатының нормативтік құрауышы әлі де шешуші рөл атқаратынын айқындайды. Түрлі форматтар аясында жүзеге асырылатын мұндай көзқарас әрқашан өз мақсатына жете бермейді және ұлттық элитаның қарсылығына тап болуда.

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2023-2.05
pdf (English)