PDF (English)

Кілтті сөздер

саяси тәуелсіздік
ұлттық экономика
Қазақстан
Қытай
бәсекеге қабілеттілік
адами капитал
ғылымдағы ЖІӨ-нің үлесі
инвестиция
сыртқы сауда

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сарқытқан K. (2024). Қазақстан мен Қытайды салыстыра талдау: Адам капиталы және бәсекеге қабілеттілігі бойынша. JOURNAL OF CENTRAL ASIAN STUDIES, 94(2), 71–86. https://doi.org/10.52536/3006-807X.2024-2.05

Аңдатпа

Мақала мақсаты қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының адами капиталы мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан салыстырмалы талдауы арқылы ұлттық экономика мен геосаяси әлеуетті дамытудағы білім мен ғылымның маңыздылығын бағалауға бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталған: географиялық орналасуы, екі мемлекеттің табиғи-ресурстық әлеуеті, нарыққа көшу ерекшеліктері, ұлттық экономиканың дамуындағы адами капиталдың маңызы.

Алға қойылған міндеттерді ашу үшін тарихи, баяндау, географиялық модельдеу және статистикалық, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тәуелсіздік отандық экономиканың дамуының негізгі болып табылғанымен, бірақ адами капитал мен бәсекеге қабілеттілік ұлттық экономиканың дамуындағы маңызды қозғаушы күш болып табылатындығы тұжырымдалады. Автор әлемдегі  ұлттық байлығы және  бәсекеге қабілеттілігі жоғары елдерді мысал ретінде пайдалана отырып, Қазақстан мен Қытайдың экономикалық-географиялық жағдайына  салыстыра талдау жасайды.

Авторлар екі елдің экономикалық даму деңгейіндегі алшақтықтың басты себебі-Қытайдың нарықтық экономикаға көшкеннен кейінгі ғылым мен білімге барынша көңіл бөліп, нәтижеге қол жеткізгендігін, Қазақстанның алдағы уақытта білім мен ғылым саласындағы айқындалған басым бағыттары мен артып келе жатқан қаржылық жағдайын қортындылайды. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғары болуы сыртқы сауда мен  инвестицияға да әсер ететінін нақты мысалмен көрсетеді.

https://doi.org/10.52536/3006-807X.2024-2.05
PDF (English)